Қырық күндік ас Бермешова Аделя Азаматқызы

Жаны таза, мінезі ашық, сабырлы, батыр болып кеткен балапанымызды еске алып, құран бағыштаймыз.

Руы – Көшкін-Қондыбай, Бермеш немересі Бермешова Аделя Азаматқызының өмірден өткеніне 14 қаңтар күні 40 күн болады.

Қырық күндік асы 14 қаңтар күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ ЗАЛЫНДА беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына хабарлаймыз.

Әуеде ұшқан құс екен,

Алланың салған ісі екен.

Азырақ көрген дәуренің,

Жақсы бір көрген түс екен.

 

Құлыным, жаның жаз еді ау,

10 жас саған аз еді ау.

Мейірімге толы еді жүрегің,

Нұрдан да жаның таза еді ау.

 

Қошақаным, балапаным Аделям,

Жан жылуым, сүп- сүйкімді әдемім.

Айырылып қалып сенен қапыда,

Төңкеріліп кеткендей бар әлемім.

 

Туғаныңнан алды-ау сырқат құндақтап,

Әрбір күнің болды бізге қымбат бақ.

Сондадағы сыр бермеуші-ең күлімдеп,

Әкеңді бір, анашыңды бір мақтап.

 

Жұлдызай боп ағып түскен құлыным,

Көзіміздің алдында әрбір қылығың.

Жаратқанның жазуына шара жоқ,

Сұм ажал кеп ерте салды құрығын.

 

Ауыр сырқат ересейтіп жасыңнан,

Деуші едің ғой: «анам менің асыл жан».

Өскенде өзім асырайм,- деп сіздерді,

Жұбатушы ең сипап менің басымнан.

 

Қанатыңды жайып құшақтаушы едің,

Әр кісіге қарап күлімдеуші едің.

Кетер кезде аласұрып уайымдап,

Анаңның бетін сипап кеткен  періштем менің.

 

Күрсінумен өтіп әр сәт, әр күнім,

Өлең болып ағытылды зар-мұңым.

Кіп-кішкентай қолдарыңмен аялап,

Құлағымда Әке!- деген қалды үнің.

 

Жылап жатып, өксіп тұрам таңертең,

Білем, білем көндігемін әлі ертең.

Сондадағы көз алдымда тұр әлі,

Құлдыраңдап жүгіргенің жан- еркем.

 

Қайғы хабар жеткенінде бұл суыт,

Аласұрдым бірде ысып, бірде суып.

Қалай ғана қиып бердім ботам-ай,

Қара жердің қойнына тым суық.

 

Күңірентіп үйді қаза құраны,

Құлдыраңдап қос бауырың жүр әні.

Ештеңе ұқпай біз жыласақ жаутаңдап,

Жабырқайды Мәдина мен Нұрәлі.

Ас берушілер: әжесі – Раушан, нағашы ата-апасы: Нұролла-Гүлһайыр, ата-анасы: Азамат-Нұргүл, бауырлары, туған-туыстары.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *