Қырық күндік ас Аяпбеков Дәурен Серғазыұлы

Сарытерек ауылының тумасы, руы Көшкін  — Түлкібай, Аяпбеков Дәурен Серғазыұлының өмірден өткеніне 30 тамыз күні 40  күн болады.

Қырық күндік асы 30 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап «АТИЛЛА» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көрші – қолаң, бауырларының бірге істейтін жұмыс орнына, Дәуреннің жора – жолдастарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Ақ көңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Көз алдымнан кетпейді,

Желкілдеген тұлымың.

«Мама» деген даусыңды,

Сағындым ғой, құлыным!

 

Арманда кеттің қыршын, асылым-ай,

Өмірде қызық көрмей, жар сүйе алмай.

Қайтейік, иманды бол, Дәуренім — ай,

Деп тілейміз көзімізден жас тыя алмай.

 

Ұмыта алмай бауырларың жүр бүгін,

Сұм ажалдан құтқара алған кімді-кім?

Анамыз жүр ғой сағынып,

Жүрекке артып талай мұң…

 

Қысқа болды-ау ғұмырың,

Көрмедің ұрпақ қызығын.

Жатқан жерің жайлы боп,

Жәннатта болсын тұғырың.

 

Қара жерде жатқаныңа қырық күн,

Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.

Қырық күнде жүрек міне қаяулы,

Қош, қош бол, бауырым, аяулы!

Хабарлаушылар: анасы – Гүлнәр, бауырлары, туған – туыстары.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code