Қорытынды жаңалықтар 8 қыркүйек 2017

Полицейді қаққан 29 жастағы тұрғын сотталды. Құқық қорғау қызметкерінің аяғын көлікпен басып өткен жігіт 5 жылға темір торға тоғытылды. Оқиға, жаздыкүні болған.

500 ден аса балқаштық бала мектеп асханасында тегін тамақтанады. Ол үшін мемлекеттен арнайы қаржы бөлінген.

Қыркүйек айының 15-нен бастап күкірт-қышқыл цехы уақытша тоқтатылады. Кәсіпорын 20 күн бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Балқаштағы жалғыз медициналық оқу орнында жаңа мамандық ашылды. Енді балқаштық жастар тіс дәрігері кәсібін меңгере алады.9 сыныпты тәмамдағандар 3 жыл оқыса, 11 бітіріп түскендер 2 жыл білім алады.

Балқаштағы орталық ауруханада медбикелік күтім палатасы ашылды. Онда ауру дерттен айыққандарға, өз өзіне қарауға шамасы келмейтін қарияларға, жалғыз басты қарттарға күтім жасалады.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды. Қыркүйек айынан бастап желтоқсанға дейін 2 мыңнан астам балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге шақырылады.

Балқашта жаңа оқу жылында жаңа үлгідегі кабинеттер пайда болды. Қаладағы нөмір 1,4,10 –шы мектептерде еңбек сыныптары қосымша жабдықтармен толықты.

Шаһарда Балқаштың 80 жылдық меретойы қарсаңында биіктігі 23 метрлік стела бой көтерді. Үш бөліктен тұратын мәдени нысан мәдениет сарайының артына тұрғызылды.

Балқашта Ағыбай батыр мен Қадыржанов көшесінің қиылысындағы бағдаршамдар жоғалды. Тұрғындар болса, енді жолдан өту өте қауіпті екенін айтып шағымдануда.

Қалалық өнер мектебі өнерге құштар жандарды оқуға шақырады.Білім ордасы мың бұрала билеп, әсем әуендерді шырқап, музыкалық аспаптардың тілін меңгеремін деген балаларды қабылдауға әзір.

Қаланың 80 жылдық меретойында 5 мыңнан астам балқаштық өнер көрсетеді. Осы аптада мерелік шараның алғашқы дайындық жұмыстары басталды.

Балқашта ең үздік жас отбасы байқауы жарияланды. Биыл бұл шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, таланттарын көрсетсе, бұл жолы спорттық ойындарда бақтарын сынайды.

Балқашта желкенді қайықшылар арасындағы халықаралық доданың соңғы айналымы өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қарағанды облысының спортшылары қатысты.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code