Қорытынды жаңалықтар 12 қаңтар 2018

1.Көмек керек. 4 жастағы Ислам Тұрсынның көзіне ота жасауға қаржы қажет. Бүлдіршін туғаннан көз жанарынан айырылған. Осы уақытқа дейін, 3 рет операция жасалыпты. Нәтижесіне баланың көру қабылеті 8 пайызға жақсарған. Деседе, енді тағы бір ота қажет.

2.Қоңыраттықтар жарыққа қол жеткізді. Араға бір апта салып Балқаш көшесіне электр сымдары тартылды. Енді қолдарына фонариктерін алып жүретін оқушылар сабаққа емін-еркін барып, қайта алады.

3. Балқашта күн сайын 60 пәтер тоқтан ажыратылады. Қаланы жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған «Қазэнергоцентр» 2000 және одан көп қарызы бар тұрғындарға осындай шара қолдануда. Яғни бұрынғыдай кешіріммен қарау болмайды.

4. Уалиханов көшесіндегі 8 үйдің тұрғындары сасық иіске тұншығып отыр. Себебі үшінші қабатағы пәтер иесі қоқыстағы қалдық заттарды үйіне жинауды әдетке айналдырған. 63 жастағы зейнеткер баспасына ешкімді кіргізер емес.

5. Балқашта 2 жастағы бала А геппатитімен ауырып қалды. Дәрігерлер бүлдіршіннің инфекциялық дертті жұқтыруына ата-анасын кінәләп отыр. Себебі анасы вакцинадан бас тартқан. Қазір боткинаға ұшыраған кішкентай науқас ауруханада ем қабылдауда.

6. Қаламызда ашылған компьютерлік томография балқаштықтарға септігін тигізуде.10 ай бұрын іске қосылған ультра заманауи аппараттан 900 науқас тексерістен өтті. Нәтижесінде 25 тұрғынның бас миына дер кезінде ота жасалды. Екі жүкті әйел сәбиінің өмірін сақтап қалды.

7.Балқаштық дәрігерлер енді тұрғындарды тексерістен өтуге смс хабарлама арқылы шақырады. Осы жылдан бастап қалада онлайн хабарлау жүйесі іске қосылды. Егер бұрындары пациентті емханаға шақыру үшін медбикелер үйге барса, бұдан былай бұл іспен арнайы бағдарлама айналысады.

8. Елімізде айыппұл көлемі азайды. Осы аптада «жолда жүру ережесі» туралы заңға енген өзгерістер өз күшіне енді. Мәселен автокөлігін сақтандырмаған жүргізушілерге бұрынғыдай 45 мың теңге емес, одан екі есе аз айыппұл салынады.

9. Несиенің комиссия төлемін қайтарып алуға болады ма? Бүгін осы мәселе қалалық сотта талқыланды.Дөңгелек үстел басына құқық қорғау саласының мамандары мен банк қызметкерлері, қорғаушылар жиналды.

10. Бизнесмендерді қолдау! Үкімет жұмыссыздарды қызметке алған кәсіпкерлерге жалақы төлеуге көмек береді. Мемлекет еңбекақының 35 пайызын мойнына алуға әзір. Ал егер мұндай мүмкіндікті пайдаланғыңыз келсе, онда жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

11. Түлектерге құлаққағыс! Жоғары және орта білім ордаларын бітіріп, екі қолға бір күрек іздеп жүрген мамандар жастар практикасынан өтіп, алғашқы жұмыс тәжірибесін ала алады. Қазір қалалық жұмыспен қамту орлығы осындай жастардан өтініш қабылдауда.

12. Балқашта ағаштарды жасарту науқаны басталды. Қазір талдар ұйқы құшағында. Сол себепті суық мезгілде орнына жаңасы шығу үшін, бұтақтары кесіледі. Ал бұл іспен КСК қызметкерлері айналысады. Алайда, ол үшін тұрғындарды келісім болуы қажет.

13. Сұлулар кезекті рет сынға түспек. 28 қаңтар күні шаһарда «Балқаш аруы-2018» байқауы өтеді. Үміткерлерден өтініштер қабылдау бүгіннен басталды. Алайда, сұлулық байқауына қатысу үшін қыздар бірнеше талаптарға сай болуы керек.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *