Қоңырат тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Видео

Қоңырат  мөлтек  ауданын тұратын оқушылардың  сабаққа баруы азапқа айналды. Күн шықпай оқуға кететін  балалар қараңғы жерлермен жүруге мәжбүр. Себебі көше бойында жарық бірде бар, бірде жоқ. Бүлдіршіндері үшін алаңдаған ата-аналар болса, бұл мәселенің қашан шешілетінін білгісі келеді.

Баласы үшін алаңдайтын жанның бірі  Гүлжанат Үмітшақова.  Ол  таңертең  немересін  осы  жолмен мектепте  апаратын көрінеді. Қап-қараңғы көшеде тек  қалташаммен ғана  жүре аламыз дейді.

Қоңыраттық  тұрғынның айтуынша, бұл көшеде  жарық бір  аптадан бері  жоқ.  Электр  бағанасы  бар болғанымен жиі сөнеді. Сондықтан,   күн сайын балаларын сабаққа өзі  шығарып салып тұрады.

Гүлжанат Үмітшақова – Балқаш көшесі, № 38  үйдің тұрғыны

» Баламыздың  мектепке баратын жолы қауіпті болып тұр.Содан қорқамыз. Қысы-  жазы осындай  проблема. Жаздың күні балалар  үйде. Кешке  таман сағат  8-9 үйге кіргіземіз. Ол кезде айтпаймыз. Шырылдайтынымыз  осы  қысқы  уақытта».

Анықталғандай,  Балқаш көшесінің  тастай  қараңғы  болуына  сымдардың үзіліп қалуы себеп. Ал оны «Балқаш энерго» мекемесі    білгенімен,  жөндей алмай отыр. Өйткені,  жалғыз кран  басқа учаскеде жұмыс  істеуде. Бірақ  жақын күндері  жарықты  толық жасаймыз деп  уәде етті.

Нұрболат Бөлеген –  ТКШ  бөлімінің басшы міндетін атқарушы

«Тексеріс  жұмыстарын жүргіздік.Онда жарық лампалары дұрыс екені анықталған.Бірақ кабель, сымдар бойынша ауыстыру жұмыстарын жүргізу керек.Аталған жұмыстарды  Балқашэнерго КМК  осы жұма күніне дейін  атқаратын болады. Жұмадан бастап жарық қайтадан беріледі».

Естеріңізде болса, Қоңыратта  электр сымдар соңғы рет 2010 жылы ауыстырылды. Ол кезде  жаңа жарық бағаналары   Русаков,  Горняцкий, Алтынсарин көшелеріне орнатылып, Балқаш көшесі жоспарға  енбеген еді. Дей тұрғанмен биыл  2018 жыл  Қоңыратқа арналмақ. Онда   орталық  саябақ  пен жолдар  жөнделіп,  ойын   және спорт алаңдары тұрғызылады.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *