Қазақстанда 2018 жылда бірқатар заңдар өзгерді

Қазақстандықтар осы жылдан бастап заң жобаларына енгізілген жаңа өзгерістермен өмір сүреді. Мәселен, 1 қаңтардан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау заң күшіне еніп, жүргізушілерге салынатын айыппұл төмендейді.Бұдан былай интернетте жасырын пікір қалдыруға тыйым салынады.

1)Медициналық түрдегі жаза! Биылдан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлі емдеу шарасы жүзеге асатын болады. Емдеу тәсілі қылмыскерлерге жыныстық қатынасқа қабілеттілікті төмендететін дәрілерді ішкізу арқылы іске аспақ.Және процедура түрмеде, амбулаториялық орталықтарда жүргізіледі.Бұл норма 18 жастан асқан сотталушыларға қолданылады.Ол үшін Қазақстан 2018 жылға 10 млн.ға жуық қаржы бөлді.

2)Жаңа құжаттар! Қазақстанда салық пен кеден қызметіне қатысты заңдар өзгерді. Жаңа салық кодексі интернет сатушыларды салықтан босатады. Шағын және орта бизнес үшін есеп берудің жеңілдетілген режимін ендіріп, салық жүктемесін азайтпақ. Ал кедендік рәсімдер электронды форматқа ауысады. Енді жеке тұлға тапсырыс беретін, не әкелетін тауарға баж салығын электронды түрде бере алады. Айта кетерлігі, тек жеке тұлға ғана емес, кеден қызметкері де декларацияны толтырып беруге мүмкіндіктері бар. Ол үшін ақша төленбейді.

3)Жүргізушілерге деген жеңілдік! Жаңа жылдан бастап республика бойынша айыппұл көлемі төмендейді. 2017 жылдың соңында Президент әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қол қойды.Өзгерісті мақұлдады. Бұдан былай жүргізушілерге айыппұлдан гөрі ескерту көп айтылатын болады.Жол жылдамдығын 10-20 шақырымға көбейткендерге 5 АЕК айыппұл салынады.

4)Жас мөлшері ұлғайды. Әйелдердің зейнетке шығу жасы артты. 2018 жылдан бастап нәзік жандардың зейнетке шығу мерзімі 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Осылайша әйелдер де ерлермен бірдей 63 жаста зейнеткерлікке аттанбақ. Ал 2018 жылдан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы көлемі 8 пайызға артады.1 шiлдеде барша зейнеткерге бірдей төленіп келген базалық зейнетақы көлеміне айтулы өзгерістер енеді.

5)Жасырын пікір қалдыруға тыйым салынды.Қазақстандық ақпараттық ресурстарға жасырын пікір қалдыруға болмайды. Сайт иесі электронды үкімет порталы немесе SMS арқылы идентификациялау туралы келісім жасауға міндеттейді.

6) Теміржол тарифі көтерілді! Өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалды. Сондықтан, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өсті. Ал, 16 бағыттың билет құны өзгеріссіз қалды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *