Қар құрсауында қалған 11 балқаштық құтқарылды

Қар құрсауында қалған Балқаш тұрғындары құтқарылды.Нарманбет ауылынан көлікпен шыққан жолаушылар жолда адасып, бағыттарынан жаңылған.Оларды төтенше жағдай қызметкерлері шамамен 5 сағаттан кейін тауып, қалаға жеткізді.11 адамнан құралған отбасы мүшелері екі көлікпен жолға шыққан. Нарманбет ауылынан ұзай бергенде ауа райы өзгерген.Қалың тұман түсіп, көк тайғақтың кесірінен тасты жолмен жүруді жөн деп шешкен. Алайда, 80 шақырым ұзай бергенде күн батып, бағыттарынан жаңылған.Содан бірден қаладағы туыстарына хабарласып, құтқарушыларды шақырыпты. Ал оларды іздеу үшін 3 маман мен жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Мамандар түнгі сағат 12-де Бектауатаның маңында көліктердің бірін тапқанымен ішінде жолаушылар болмаған. Ал екінші көлік 30 шақырымнан кейін, түнгі сағат 2-де табылды. Барлық жолаушылар Уаз-да жылынып отырған екен.

Ерсін  Мұқажанов- ТЖБ басшы орынбасары:«УАЗ көлігінде 11 адам, оның  ішінде 4 бала, ең кішісі  үш  айлық бала болды.Оларға  барғанда үсіп, медициналық  қызметтің  керегі болған жоқ.Тездетіп оларды өз машинамызға салып, Балқаш қаласына  сағат  7.00  келдік».




Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *