Құттықтау Жакипбеков Ринат Ескермесұлы

Шаңырағымыздың қорғаны, тірегі, асқар таудай әке, аяулы жар Жакипбеков Ринат Ескермесұлын 30 жасқа толған  бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз!!! Жасың ұзақ, еңбегің жемісті болып, басыңнан бақыт, жаныңнан жақсылық, жүрегіңнен жылылық кетпесін деп тілейміз!

Туған күнің бақ әкелсін басыңа,

Өміріңде қайғырма да жасыма.

Туған күнің құтты болсын бүгінгі,

Қуанышпен өткізгейсің күніңді.

 

Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!

 

Шаңырақтың берекесі, тірегі,

Біздер үшін адал, таза жүрегі.

Денің сау боп, ұзақ жаса әкетай,

Жан-жарың мен қыздарынның тілегі!

Т/б: ата-анасы: Ескермес – Сайлаугүл

жары — Айгерім,

қыздары — Аружан, Еркежан

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *