Құттықтау Жакипбеков Ринат (ата — енесі)

Аяулы жар, ардақты әке, қымбатты күйеу баламыз Жакипбеков Ринатты бүгінгі қуанышты күн – 30 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңе саулық, шаңырағыңа шаттық, қуанышы мол ұзақ өмір тілейміз. Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпей, аман-есен арамызда жүре бер!

Келдің маған бала орнына бала боп,
Ақыл қосар, көмек созар пана боп.
Туған күнің құтты болсын, бақ қонсын,
Балаларың өссін үлкен дана боп.

 

Бақыт құсы тауып сені қолға қонсын,
Дәулетің асып-тасып қалтаң толсын.
Денсаулығың сыр бермес жартастай боп,
Достарыңмен, балаңмен ортаң толсын.

 

Орындалсын белің бекем буған ісің,
Таймасын қадір-қайрат, жігер, күшің.
Азам бол ел мақтаған құрметтеген,
Сый сыйласын әр күнде жақсы түсің.

Т/б: ата-апасы: Зейнолла – Қамар

ата-енесі: Мырзахан – Рая

Ислам – Назерке

Алихан, Айша

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *