Құттықтау Жағыпберлин Мырзабек Зейноллаұлы (отбасы)

Аяулы жар, ардақты әке Жағыпберлин Мырзабек Зейноллаұлы, Сізді 50 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, қызық-қуанышқа толы ұзақ өмір, шексіз бақыт тілейміз!!!

Құтты болсын мерейтойың, мерекең,

Арта берсін ырыс-құтың, берекең.

Жасың өссін, көңілің қартаймасын,

Алда көрер қызығың ортаймасын.

 

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бір қуанып, бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым, панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр, мұңыңыз!

 

Азаматсың ардақты ел сыйлаған,
Әке болып балаға күй жинаған.
Бүгінгі тойыңызда жанұяңыздың
Қуанышы қойнына бір сыймаған.

Құтты болсын 50 жасыңыз,

Өрге қарай домаласын тасыңыз.

Ортасында туған-туыс, дос-жаран,

Жүзге жетіп, одан әрі асыңыз!

Ақ тілекпен: жары, балалары.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!