Құттықтау Утеуова Рухия Абжаппарқызы!

Аса құрметті Утеуова Рухия Абжаппарқызы, Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрекжарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.

Сіз өндіріс саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптесеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып, сыйлайды.

Осы қуанышты сәте Сізге, ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!

Ізгі тілекпен: «Балқашсүт» ЖШС

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *