Құттықтау Сергазинова Айман!

Қымбатты келініміз Сергазинова Айман! Сені бүгінгі туған күніңмен құттықтай отырып, саған зор денсаулық, мол бақыт, жасың ұзақ, еңбегің жемісті болып, басыңнан бақыт, жаныңнан жақсылық, жүрегіңнен жылылық кетпесін деп тілейміз!

Құтты болсын мерейтойың, мерекең,

Арта берсін, ырыс-құтың, берекең.

Жасың өссін, көңілің қартаймасын,

Алда көрер қызығың ортаймасын.

 

Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,

Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.

Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,

Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.

 

Сыйластық пен денсаулық бірге тұрар,

Кезің келді өмірдің мәнін ұғар.

Қуанышқа ортақпыз шын жүректен,

Жырмен шашу шашайын ақ ниетпен.

 

Туған күнді дүркіретіп тойлай бер,

Екі балаңның болашағын ойлай бер.

Өмірлерің тату-тәтті, нұрлы боп,

Күннен күнге жарқырай бер, жайнай бер!

 

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

 

Т/б: анасы – Дәниша, жолдасы – Саламат, балалары: Дана, Дастан, қайын ағасы: Азамат-Гүлнар, қайын апалары-жезделері, қайын сіңілісі: Салтанат-Серік, Арғын әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *