Құттықтау Сәттібекова Салтанат Алдашқызы

Аяулы сыныптасымыз, досымыз Сәттібекова Салтанат Алдашқызын бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кеш. Ағайын-туыстың ортасында осы бір жайдарлы мінезіңмен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре бер. Алла жасыңды ұзақ қылсын!

Құтты болсын туған күн мерекең,

Жылдан-жылға арта берсін берекең.

Жүзге келген тойыңызда кездесейік,

Бала-шаға, ағайын, дос — жаран.

 

 

Қиындық көрме, ешқашанда жасыма,

Тек амандық тілейміз сенің басыңа.

Бүгінгі мерейтойың құтты болсын,

Қосыла берсін тағы жас-жасыңа.

 

 

Шығыпсың  40-жастың қырқасына,

Береке бірлігісің  отбасында.

Бақытты ғұмыр  кешіп  жүре  берші,

Демекпіз жанұяңның  ортасында.

 

 

Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,

Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.

Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,

Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.

 

Қайда жүрсең алдыңда ақ күн тусын,

Жүрегіңді қайрат пен шаттық бұрсын.

Өмір жасың қаншаға созылса да,

Ең соңында нүкте болып «Бақыт» тұрсын.

 

Т/б: Абай ауылы 77-лер.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *