Құттықтау Ракишева Тоты Карипбекқызы (әріптестері)

Құрметті Ракишева Тоты Карипбекқызы, Сізді 58 – жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Әріптестер, достар ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

 

Қартаймай жүріңіз жанымызда,

Күліп-ойнап әріптестер арасында.

Тілейміз біз Сізге ұзақ ғұмыр,

Тілейміз мәңгі бақыт, сырлы өмір!

 

Алдан күткен қызықтар көп, үміт көп,

Атар таңдар келе берсін күліп тек.

Жүрегі – кең, жаны – жомарт жансыз ғой,

Еңбегіңіз арта берсін биіктеп!

 

Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,

Құрметтеріңіз биіктесін, қыр ассын.

Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,

Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!

 

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.

Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,

Арта берсін абырой беделіңіз.

 

Бақыт деген осы емей немене,

Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.

58 жаспен құттықтасақ біз бүгін,

100 жаста да тілек айтсын шөбере!

 

Балаларыңыз үмітіңізді ақтасын,
Өрге қарай домаласын бақ тасың.
Қосағыңызбен қоса ағарып ғұмыр кешіңіз,
Алла сізді тіл-көздерден сақтасын!!!

Т/б: әріптестері: ЦЭМ ОМЛ

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code