Құттықтау Наурызбайұлы Кәрібай және Ақпарова Ғайша!

Асқар таудай әкеміз, ақылшымыз, бәрімізге аса қадірлі Наурызбайұлы Кәрібай абзал әкеміз 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Аяулы анамыз, асыл әжеміз Ақпарова Ғайша! Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, қуанышы мол ұзақ өмір тілейміз!

Өмір атты тарихтың дастанында,

Үлгі болып келдіңдер жас қауымға.

Бірің – 63, ал бірің 60-тың,

Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында.

Әке-ана, енді қалған ғұмырдың,

Тек қана бақыт күлсін аспанында.

 

Саясында ер жеттік ата-ананың,

Тұмар етіп өмірде баталарын.

Күн нұрындай қызулы құшақтарын,

Жаққан-ды жанымызға арман шамын.

 

Қонақ десе дайын тұрар төрлерің,

Екеуің де еш туысты бөлмедің.

Қол ұстасып, қос аққудай жарасып,

Бірге өткіздің өміріңнің өрнегін.

 

Ата-ана, «Туған күн» құтты болсын!

Жалғасып қызықпенен жыл керуені.

Көңілдерің көркейіп, көрмей енді ортайып,

Тәңір жазсын Сіздерге шөбере, шөпшек сүюге.

 

Қартаймай жүріңіздер жанымызда,

Күліп-ойнап бала-шаға ортасында.

Тілейміз біз, Сіздерге, ұзақ ғұмыр,

Тілейміз мәңгі бақыт, сырлы өмір!

Т/б: балалары, немерелері.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *