Құттықтау Наханова Дәниша!

Құрметті анамыз Наханова Дәниша! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Ағайын-туысқа сыйлы, немерелеріңіздің сүйікті әжесі болып жүре беріңіз.

Ұзақ болсын ғұмырың, асыл Ана!

Орындалсын тілегің, арманың да.

Мәпелеп, аялаған балаларың,

Құттықтайды туған күнмен асыға да!

 

Жан Ана, асыл Ана, аяулы Ана!

Жеткіздіңіз біздерді әр қияға.

Ақылшымыз, ардақтымыз әулетте,

Жүріңіз ортамызда күліп қана.

 

Орындалсын, Анажан, басты арманың,

Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.

Ұлы тойға ұлассын туған күнің,

Жақсылыққа жайылып дастарханың.

 

Сыйлысы, үлкені, бір әулеттің өзің ғана,

Туған күнің құтты болсын, Жан-Ана!

Қызығын көріп бала-шаға, немере-шөбереңнің,

Қуат беріп, ғұмыр берсін Бір-Алла!

 

Бүгін міне, ұл-қыздарың өсіп-өнді,

Шаңырағың думанды күйге толы.

Шаттан Ана, алаңсыз болшы енді,

Қартайғанша ортамызда жүре берші!

Т/б: балалары, немерелері.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *