Құттықтау Мамынбаева Альнура Артурқызы

Сүйікті қызымыз Мамынбаева Альнура Артурқызын 10 қаңтар күні 5 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Алла тағала жасыңды ұзақ қылып, сенің тәтті қылықтарыңмен қуанышыңа тоймайық.

Ашық болсын атқан таңдар әрдайым!

Саған қызым, бар жақсылықты арнаймыз!

Бақытымызға боп, өсе берсін мерейің,

Сені жаным биіктерден көрейік!

 

Сүйкімді сұлу ботамыз,

Қырмызы гүлдей жайнасын.

Тілеуі дұрыс ағайын,

Батасын беріп тойласын.

 

 

Қызым менің, балапаным, қызығым!

Сеніменен бірге жүрек жылуым.

Менің көзім маңдайдағы жұлдызым,

Сенсің ботам, болшы әркез қызығым.

 

Бақыт нұры жүзіңнен жарқылдасын,

Құшағың қуаныш пен нұрға толсын.

Жыл сайын тойлай берсін отбасың,

Жылына бір келетін туған күнің!

 

Жарық болып әр күнің өсе берші,

Жаратқаным, мейіріміңді төге берші.

Ата-анаңды қылығыңмен қызықтырып,

Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол.

Гүлдей жайнап, қызғалдақтай құлпырып,

Ата-анаңның мақтанышы, гүлі бол!

 

Алла берген қуанышым,
Көңіліме жұбанышым.
Иіскегенде денеме қуат берер,
Жігерім, бойымдағы бұла күшім.

 

Ойыншық десе қоятын ішкен асын,
Балапаным, 5-ке де қадам бастың.
Жаратқан тек алдыңнан жарылқасын,
Тіктеп ұста, тимесін жерге басың.

 

Т/б: әжелері

әкесі – Артур

анасы – Эльмира

ағалары – Рустам, Эльдар

бауыры – Альтаир

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *