Құттықтау Ербекеева Бибігүл Сағынтайқызы

Аяулы анамыз Ербекеева Бибігүл Сағынтайқызын 50 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ұзақ өмір, мол бақыт, зор денсаулық тілей отырып, балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығына тоймай, ортамызда ақылшы болып жүре беруіңізге тілектеспіз! Төмендегі өлең жолдарын өзіңізге арнаймыз:

Өмірге әкеліп өсірдің,
Жақсы істі басыма көшірдің.
Қарызбын өзіңе мәңгілік,
Мейрамда ағымнан көсілдім.

 

Ана деген атқа иесің керемет,
Бар қасиет жүгін жиған сөрелеп.
Ана сенің мейрамыңда бүгінгі,
Бергім келер бақ тұлпарды өрелеп.

Т/б: балалары: Пакизат, Мақсат, немересі: Нұрбол.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *