Құттықтау Елеубекова Әлия Зияқызы!

ЕЛЕУБЕКОВА ӘЛИЯ ЗИЯҚЫЗЫ!

Бүгінгі 60 жас мерей тойыңыз  құтты болсын. « 60 жас – тал түс» деген,  мынау базарлы өмірдің  басты байлығы –денсаулығыңыз мықты болып,  Алла Тағала деніңізге  саулық, отбасыңызға қуаныш,  шаңырағыңызға шуақты жылу,  жаныңызға бар жақсылықты  нәсіп етсін.

Өмірде қол жеткізген  басты  бақ –дәулетіңіз- тәрбиелеп өсірген алтын асықтай ұлыңыздың, қызғалдақтай қызыңыздың, тәтті немерелеріңіздің  қуаныш, қызығын өмірлік қосағыңыз Сабырмен  қатар көруге жазсын Алла.  Берекелі шаңырағыздың  құт- береке ешқашан арылмасын.

Ағайынға қамқор , бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы  жан Елеубекова Әлия Зияқызына әлемдегі  бар жақсылықты,  дүниенің шуағын,  өмірдің жырын,  жүрегіне Алланың нұрын тілейміз.  Алла жолын ақ,  көңілін асқақ,  жүрегін уайымсыз,  арманын айқын,  мақсатын анық  етсін деген тілегімізді  қабыл алыңыз.

Ақ ниетпен тілейміз, көңілдегі бар жақсылық таусылмасын,  өмірдегі береке, бақытыңыз ортаймасын, көңіліңіз қартаймасын.

Достар арасында сыйлы, қадірлі, туған- туысқа жанашыр,  бауырмал, кең пейілді,  дарқан көңілді  бірімізге қарындас, бірімізге әпке  Әлия Зияқызына  шуағы мол бақытты күндер, жақсылығына шомылдырған жарқын жылдарды  тілейміз.  Мына пәни дүниеде  еңсеңіз түспесін,  тек шаттанып, қуанып жүріңіз.

Біз Сізді әрқашан мақтан тұтамыз.

Игі тілекпен: бауырларыңыз Мейірман – Гүлсара

Сайран – Зәуреш

Бауыржан – Айнұр

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *