Құттықтау Дурмагамбетова Гүлдана Дәкенқызы!

Сүйікті жар, асыл Ана, аяулы апа Дурмагамбетова Гүлдана Дәкенқызы! Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы күн, Сізге, зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Аспаныңыз әрдайым ашық болсын! Жасыңызға жас қосылып, жыл сайын жасара беріңіз!

Жамандықтан жиіркене қаштың да,
Адалдыққа ашық қадам бастың да.
Балапаным, аман бол деп қорғайсың,
Жұмақ кілті табаныңның астында.
Қарызымды қалай ғана өтермін,
Ақымақтау мінезімді көтердің.
Қуанасың сәл биіктен көрінсем,
Ана сенің тырнағыңа жетер кім.

 

Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймыз біз сізді
Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!

 

Деніңізге саулық берсін Жаратқан,
Сен сәулесің жерге нұрын таратқан.
Немере мен шөберені көп көріп,
Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

 

Жан ана, бізді ешкімге теңгермейтін,

Өмірде бар бақытым сендер дейтін.

Түссе де басқа талай сын сағаттар,

Жайдары мінезінен өзгермейтін.

 

Жан Ана, асыл Ана, аяулы Ана!

Жеткіздіңіз біздерді әр қияға.

Ақылшымыз, ардақтымыз әулетте,

Жүріңіз ортамызда күліп қана.

Т/б: жолдасы – Жанболат, балалары: Айбек – Аида, Жәнібек,  Әлібек, немересі – Айару.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *