Құттықтау Баданова Әйгерім

Аяулы қызымыз Баданова Әйгерім, бүгінгі мерейлі туған күніңізбен құттықтаймыз! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспіз! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілейміз. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын!

Өмірің ұзақ болсын, жайнасын,

Арай таңдар ата берсін қолдасын!

Сыйлы болып өмір сүрген ортада,

Отбасынан бақыт құсы таймасын!

 

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

 

Құтты болсын осынау мерейлі шақ,

Келе берсін басыңа бақыт пен бақ.

Қызығын бұл өмірдің көре беріп,

Ешқашан көңіліңе түспесін дақ.

Т/б: анасы – Келіс, ұлы – Әмір, Әбеубеков Балтабек әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *