Құттықтау Бақыт Сейітжанқызы (бауырлары)

Құрметті бауырымыз Бақыт Сейітжанқызын бүгінгі туған күнімен және зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз!

Әпкетай аман болшы бағымызға,

Өмірден зейнет көрер шағыңызда.

Өсірген ұл – қызыңның қызығымен,

Бөленіп жүзге жетсін жасыңызда.

 

Тілейміз Жаратқаннан сізге бақыт,

Сыйласын  жақсылығын әрбір уақыт.

Әпкетай күліп жүрсең алдымызда,

Біз үшін одан асқан барма бақыт!

 

Құтты болсын  58 жасыңыз,

Белестерден, асулардан асыңыз.

Жанұяның шаттығына бөленіп,

Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.

 

Балалардың көре бергін  қызығын,

Тәңір өзі тауыспасын ырзығын.

Жан-жарыңмен ғұмыр кешіп баянды,

Мұқалмасын, мұңаймасын нұр жүзің!

 

Тілектер арналады Сізге бүгін,

Қуанышпен өте берсін әрбір күнің.

58 жас бақ пен дәулет сыйлай берсін,

Бауырларың құттықтайды Сізді бүгін.

Т/б: бауырлары, Сейітжан әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code