Құттықтау Алғамжанов Сайран Советұлы

Сарытерек ауылының азаматы, жастайымыздан тай құлындай тебісіп, ат құлағында бірге ойнаған, аяулы сыныптасымыз, жан досымыз Алғамжанов Сайран Советұлын қамал бұзар 40 жасқа толу мерейтойымен құттықтаймыз. Жылқыда да жылқы бар – «қазанаты бір бөлек», жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, деген қазақ атамыздың аталы сөздері шынайы дос, балаларына қамқор әке бола білген өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек.

Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,

Мінезіңе дос пейілі марқайған.

Асқар таусың ел сүйсініп қызығар,

Бәйтерексің жапырағы жайқалған.

 

Үміт отын балаларға бересің,

Құлындарын әлпештеген әкесің.

Балаң үшін бәйек болдың күні-түн,

Қамын ойлап, достың көңілін табасың.

 

Әрі сырлас, әрі доссың құрдассың,

Арман құсың аялдамай қырға ассын.

Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,

Шаңырағыңның қамқоры бол, жан досым.

 

Туғаның жүрсін қуанышыңа шаттанып,

Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.

Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,

Достық туын аласартпай ұста нық!

Құттықтаушылар: Сарытерек аулының 1978 жылғы туылған сыныптас, достары

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *