Құттықтау Өмірсерік Ақерке Төлегенқызы

Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз  Өмірсерік Ақерке Төлегенқызын  1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!

Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!

Біздер қандай  бақытты едік бүгін,
Балапаным, сенің туған күнің.
Ұзақ ғұмыр тілейміз мәнді, сәнді,
Гүлдей жайна солмай арман-гүлің.

 

1 жасқа толдың міне бүгінде,

Құлыным бақытты бол өмірде.

Жұлдызың жана берсін әрқашан,

Тек қана шаттық болсын көңілде.

 

Ата-әжеңнің таусылмайтын жыры бол,

Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол.

Қызғалдақтай құлпыра бер әрқашан,

Шын жүректен тілейтін тілегіміз сол.

 

Тәй-тәй басып келесің,
1 жасқа енді енесің.
Қадамдарың көбейсін,
Періштең сені жебесін!

 

1 жасқа толған ерке қыз,
Бәріміздің еркеміз.
Құтты болсын 1 жасың,
Қадам бастың бір саты,
Мақтап жүрер қыз болып,
Өссең енді 1000 саты.

 

 

Туған күнің құтты болсын, Ақерке!

Міне, бүгін арайланып атты күн.

Ашық күндей жайдарлы бол, жан балам,

Қуанышым, құлыншағым, шаттығым.

Т/б: ата-апасы: Өмірсерік — Панария, папа – мамасы: Төлеген-Ардақ.

 

 

 

 

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!