Құттықтау Қазбек Қабылбекұлы

Шаңырағымыздың тірегі, асқар таудай әкеміз Қазбек Қабылбекұлын бүгінгі 50 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Жасыңыз ұзақ, еңбегіңіз жемісті болып, басыңыздан бақыт, жаныңыздан жақсылық, жүрегіңізден жылылық кетпесін деп тілейміз!

 

Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!

Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғадың маған пана жел өткізбей.
Әке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!

Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бүр қуанып, бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым, панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр, мұңыңыз!

 

Шашып күндер қашанда арай, нұрын,

Досқа толсын барлығы маңайыңның.

Күліп-ойнап жүре бер, дараланып,

Ортасында қадірлі ағайынның.

 

Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерек тектес шынарым, әкем!

50-жаста да еңселі кеуде,
Мақтаныш етер ұраным,әкем!

Ізгі ниетпен ұлдарыңыз: Ернар, Аян.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *