Құттықтау Қатабаев Нұрдаулет Сейтұлы

Қымбатты Қатабаев Нұрдаулет Сейтұлы! Сізді бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қызықтарына  тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

63 жас — туған күніңіз құтты болсын,

Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын.

Қызықты күндеріңіз арайланып,

Кеудеңіз күмбірлеген күйге толсын.

 

 

Мәртебеңіз биік болып ел ішінде,

Бейнеттің зейнетін көр, жемісін де.

Сіз боласыз, мақтаныш тірегіміз,

Періштеге шалынсын тілегіміз.

Т/б: Қатабаевтар әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *