Құттықтау Қайролла Ислам Саттарұлы

Сүйікті де сүйкімді немереміз, қылықты да қызықты тәтті ұлымыз Қайролла Ислам Саттарұлын бүгінгі 10 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Балдай тәтті балалық шағыңда туған-туысты қызықтырып, сүйсіндіріп жүре бер! Ата-әжеңнің қуанышы, қызығы бол!

Туған күнің құтты болсын, құлыным!

Жігіт болдың желбіреген тұлымың.

Әжең бүгін құттықтайды өзіңді,

Денің сау боп, ұзақ болсын ғұмырың!

 

Қиындыққа моймайтын қамал бол,

Жақсылыққа, кісіліке таман бол.

Ел қызығар, қылықты бол, сүйкімді,

Тіл көзбенен жалалардан аман бол.

 

Қуанышым, қызығым,
Алданышым, бұзығым,
Өркенің өсіп өрлей бер!
Өмірдің сызып сызығын,
Татумен дәмді қызылын,
Қанатың қағып сермей бер!

Туған күнге тарту саған сыйлаймыз,
Еркелей бер, ештеңеден тыймаймыз.
Сен аман боп ер жетсін деп күні-түн,
Әлемдегі бар жақсыны жинаймыз.

Т/б: ата-әжесі: Қайролла – Назия

әкесі – Саттар

ағалары

апалары

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *