Құттықтау Құсайынов Жуаныш Байысұлы

Аяулы ағамыз Құсайынов Жуаныш Байысұлын бүгінгі мерейлі 60 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ардақты ағамызға зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт-береке тілейміз! Әмсе, жақсы аттың жалында, жақсы адамның жанында жүре беріңіз! Алпыстан алқынбай өтіңіз, желдіріп жетпіске келіңіз, сексеннен секіріп өтіп, тоқсанда тоқтамай, жүзге келіңіз абзал аға!

Құтты болсын жасыңыз 60 деген,

60 жасты бұл қазақ – талтүс деген.

Төрімізді толтырып жүре бергін,

Тың қуат, хал-күшпенен.

 

Ақыл-күшін аямайтын бауырға,

Паналаймыз ықтап Сізді дауылда.

Сары алтыннан қымбат бізге тұлғаңыз!

Қара алтыннан қадірлісіз қауымға!

Тілек білдірушілер: анасы – Сарқыт, Байыс ата ұрпақтары.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *