Құттықтау Құсайынов Жұбаныш Байысұлы

Шаңырағымыздың қорғаны, тірегі, асқар таудай әке, аяулы жар, сүйікті ата Құсайынов Жұбаныш Байысұлын 60 жас туған күнімен құттықтаймыз!

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Аяулы жар, аман жүрсең болғаны.

 

Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,

Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.

Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,

Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.

 

Әкежан құтты болсын туған күнің

Арайлап ата берсін әрбір таңың.

Ортасында бала-шаға немеренің,

Әрбір күн қуанышқа толы болсын.

 

Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!

Т/б: жұбайы, балалары, немерелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *